07.03.2023, 21:30

Павлодарда қоқыс жәшігінен шала туған сәбидің мәйіті табылды

Фото: © AFP 2023 / ALEJANDRO PAGNI
Дәрігерлердің айтуынша, 6 айлық болып туған.

Павлодарда қоқыс жәшігінен шала туған сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

7 наурыз сағат 12:47-де Павлодар қаласының полициясына тұрғындар хабарласқан. Олар Бұқар Жырау көшесінде үйдің ауласында орналасқан қоқыс жәшігінде нәрестенің мәйіті жатқанын айтқан. "Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері барды. Дәрігерлердің айтуынша, 6 айлық болып туған", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта осы факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Жаңа туған баланы анасының өлтiруi" бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды.