Аустралияның шығыс жағалауында жалындап жатқан ондаған орман өрті аптақ ыстық тоқтамай жатқандықтан күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Екі жыл жауын-шашын мен су тасқындарынан кейін жылы ауа райына қайта оралу 2019-2020 жылдардағы «қара жаз» маусымынан бастап Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы өртке себеп болды. Мәселен, Сиднейден солтүстік-батысқа қарай 250 шақырым жердегі өрттің биіктігі 10-15 метрге жетті.
Аустралияның ең тығыз орналасқан штаты – Жаңа Оңтүстік Уэльстің зардап шеккен тұрғындарын эвакуациялануға шақырды. Бірнеше нысанның зақымдалғаны туралы ақпарат бар. Штаттың кей бөлігіндегі температура 2021 жылдың қаңтарынан бері алғаш рет дүйсенбіде 40°C-қа жетті.
Өрт сөндірушілердің сөзінше, сейсенбі күні штатта әлі 33 өрт жалындап жатқан болатын, оның 10-ын бақылауға алу мүмкін болмады.
Жаңа Оңтүстік Уэльс өрт сөндіру қызметі күшті жел өрттің тез таралуына себеп болғанын мәлімдеді.
Аустралия метеорологтары Жаңа Оңтүстік Уэльстің шығыс бөлігінде найзағай ойнап, жаңа өртке ұласуы мүмкін екенін ескертті. Болжам бойынша, ыстық әрі құрғақ ауа райы сәрсенбіге дейін жалғасады.
Шығыс Аустралияда үш жаз қатарынан орташадан жоғары жауын-шашын мөлшері ауқымды су тасқынын тудырып келеді.
2022 жыл Сиднейдің бақылау тарихындағы ең ылғалды жыл болып тіркелді.
Аустралиядағы ең қорқынышты табиғат апаттарының бірі – 2019-2020 жылдардағы «Қара жаз» өртінен 33 адам мен 3 миллиардқа жуық аң-құс мерт болды.