08.03.2023, 01:30

Таразда бір отбасының 5 адамы газдан уланып қалды

Фото: © Sputnik / Владислав Воднев
Табиғи газбен жылынатын пештің мұржасы тазаланбауы салдарынан уланып қалды.

Тараз қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде бір отбасының бес адамы газдан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 7 наурызда болды. Табиғи газбен жылынатын пештің мұржасы тазаланбауы салдарынан бір отбасының бес мүшесі уланып қалды. 13, 11 және 8 жастағы балалар мен олардың ата-анасы ауруханаға жатқызылды. Ал 6 наурызда Аягөз қаласында екі адам улы газдан зардап шеккен.

Құтқарушылардың айтуынша, екі отбасы да жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзған.

Төтенше жағдайлар мамандары газ жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

 

Тегтер: улану Тараз