$ 498.34  519.72  4.85

Ямалдағы жұмбақ жер тесігінің пайда болу себебі айтылды (ВИДЕО)

Ғалымдар шілде айында РФ-ның Ямал түбегінде табылған алып жер тесігінің пайда болу себебін анықтады. Олардың пікірінше, ол қатып жатқан мәңгі тоңнан метанның бөлінуінен пайда болған, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Шұңқырдың пайда болуы туралы жорамалдар әр алуан болды. Алайда Плеханов пен оның командасы мұны 2012 және 2013 жылғы жаз маусымында болған жалпы ыстықпен байланысты деп есептейді.

Бұл кездегі температура орта статистикалық көрсеткіштен 5°C жоғары болды. Мәңгі тоң осының әсерінен еріп, мұзға қамалған метан бөлініп шыққан.

Еске сала кетейік, алып шұңқырды Ямалда мұнай және газ өндірушілерге қызмет ететін ұшқыштар аңғарыпты. Олар бұл ойықты видеоға түсіріп, YouTube желісіне орналастырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары