$ 448.15  483.46  4.86

Facebook-тің үстінен 11 мың адам шағым түсірді

Жеке адамдар туралы мәліметтерді заңсыз жинағаны үшін Facebook-ке қарсы түскен шағымды 11 мың еуропалық қолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz TechCrunch сайтына сілтеме жасай отырып.

Бұл деректі БАҚ-қа «Europe vs Facebook» (Еуропа Facebook-ке қарсы) қозғалысының өкілдері ұсынған.

Олардың мәлімдеуінше, сотқа шағымданушылар арасында негізінен немістілді 50-ден астам елмен қатар, Нидерланд, Финляндия, Ұлыбритания және Оңтүстік Америка тұрғындары да бар.

Австриялық заңгер Макс Шремнің дәл осы әлеуметтік желінің үстінен шағым түсіруіне тұрғындардың құқықтары бұзылып, жекелеген адамдар туралы мәліметтер заңсыз жиналғаны туралы ақпараттың расталғаны себеп болған. Заңгердің ойынша, Facebook көп жағдайда мәліметтерді тұрғындардың келісімінсіз, әрі желіні пайдаланушылардың іс-әрекетін жанама сайттар арқылы бақылап, қажетті деректерді тбарар жеріне жіберіп отырған.

Шремс, соттың Facebook үстінен түскен әр арыз-шағым үшін 500 евро көлемінде айыппұл салдыруға күш салатынын жеткізді. Ол үшін тұрғындар Europe vs Facebook қозғалысының сайтына тіркеліп, жеке құжаттардың көшірмелерін жіберулері тиіс. Заңгер сот өтуі тиіс ел деп өз отаны Ирландияны ұсынып отыр. Оған негіз де жоқ емес. Бұл елде Facebook-тің еуропадағы штаб-пәтері орналасқан. Бұл іске қатысты дау әлемдегі ең ірі әлеуметтік желінің арнайы тегтердің көмегімен жанама сайттар арқылы пайдаланушыларды аңду туралы шешім қабылдағаннан кейін шыққан болатын. Ол кезде әлеуметтік желінің мұндай шешім шығаруына нақты жарнамаларды іректеу деп түсіндірілген. Әлеуметтік желіде тұрғындардың мәліметтерді жинау қызметінен бас тартса да болады деп көрсетілген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары