10.03.2023, 01:30

Семейде балалар газға уланып қалды

Фото: newtimes.kz
Жылыту пешін пайдалану ережелерін сақтамаған.

Семейде жеке тұрғын үйлердің бірінде 4 бала газға уланып қалды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

«8 наурызда Семейдегі жеке тұрғын үйлердің бірінде көмірмен жылыту пешін пайдалану ережелерін сақтамағандықтан 4 бала газға уланып қалды. 4 және 5 жастағы балалар улы газдан жеңіл дәрежеде уланғандықтан дәрігерлер тексергеннен кейін үйлеріне жіберілді. Ал 11 және 7 жастағы екі бала Семей қаласының «Бүйрек орталығы» мекемесіне токсикология бөлімшесіне жатқызылды», - делінген хабарламада.