$ 443.44  480.51  4.88

Кішкентай блогер Әмина Малғаждар Nickelodeon марапатына ие болды

YouTube желісінде Аминканың жұмысын 5,52 млн адам бақылайды, ал оның Instagram парақшасында 1,3 млн оқырманы бар.
Фото: видеодан скрин instagram/ariokka
Фото: видеодан скрин instagram/ariokka

Nickelodeon жыл сайынғы Kids Choice Awards премиясының жеңімпаздарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемдік супер жұлдыздармен қатар, Nickelodeon Kids' Choice Awards марапаттарын аймақтық номинацияларда әлемнің түрлі елдерінен қатысқан инфлюенсерлер де алды.

Осы жылы аталмыш жүлденің тарихында алғаш рет «Сүйікті қазақстандық инфлюенсер» номинациясында дауыс беру жүргізілді. Жүлде Әмина Малғаждарға (Аминка Витаминка) бұйырды. YouTube желісінде Аминканың жұмысын 5,52 млн адам бақылайды, ал оның Instagram парақшасында 1,3 млн оқырманы бар.

«Мен үшін бұл марапаттың мәні ерекше, себебі Nickelodeon арнасы шығармашылығымды дамытуға қанаттандырды. Бірде Nickelodeon-ды көріп отырып анама: «Мені де теледидардан көрсетсе екен», - дедім. Дәл осы сөзден кейін ата-анам менің бала күнгі арманымды орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Мені қолдап, дауыс бергендердің барлығына алғыс айтамын», - дейді Әмина Малғаждар.

Бұған дейін салтанатты рәсім тарихында алғаш рет Қазақстаннан «Сүйікті қазақстандық инфлюенсерлер» номинациясы бойынша төрт үміткер: Алина Ким (Homa), Амина Малгаждар (Аминка Витаминка), Жасмин Сайделдинова (Jessysclick) және Батыр (Batyr White) сайысқа түсетіні хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары