$ 441.66  475.14  4.86

Ақтөбе әкімінің орынбасары сот арқылы мемлекеттен тағы 12 млн теңге өндіріп алды

Бұған дейін ол заңсыз қудаланғаны үшін моральдық залал ретінде 5 млн теңге алған болатын.
Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

Мемлекет Ақтөбе әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіровке 12 млн теңге көлемінде өтемақы төлейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әубәкіров қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекетінен келтірілген зиянды өтеу туралы сотқа арыз берген. Ол бұған дейін қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен қамауға алынғанын, 7 жылға бас бостандығынан айырылғанын, содан кейін апелляциялық сот оны ақтағанын дәлелдеді. Сот шешімінің негізінде ол Ақтөбе әкімінің орынбасары лауазымына қайта тағайындалды.
Әубәкіров соттан инфляцияны ескере отырып, 22,9 млн теңге мөлшерінде істі болған уақытта алмаған жалақысын өтеуді сұрады.
"Ақтөбенің № 2 соты өтінішті қанағаттандырусыз қалдырды. 10 наурыздағы апелляциялық сот өтінішті ішінара қанағаттандырды. Қаржы министрлігінен Әубәкіровтің пайдасына оны қылмыстық жауапкершілікке тарту және заңсыз соттау салдарынан келтірілген мүліктік зиян 12 404 702 теңге сомасында өндірілді", – делінген хабарламада.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Жангелді Әубәкіров, ТКШ басшысы Нұрлан Досов және "Табыс Ақтөбенің" тағы үш қызметкеріне лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғаған болатын.
Тергеу мәліметі бойынша күдіктілер бюджет қаражатын ұрлап, ысырап еткен.
2021 жылдың маусымында Әубәкіров жеті жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды. Ол сот залында қамауға алынды, бірақ тамыз айында колониядағы мерзім төрт жылға бас бостандығын шектеуге ауыстырылды.
2022 жылдың мамыр айында әкім орынбасарына қатысты іс қайта қарауға жіберілді. Тергеу Жангелді Әубәкіровтің құқық бұзушылыққа қатысы барын дәлелдей алмады және жаздың аяғында ол ақталды.
2023 жылғы қаңтарда Әубәкіров заңсыз қылмыстық қудалау үшін мемлекеттен моральдық зиян ретінде 5 млн теңге өндіріп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары