Еліміздің үш өңірінде: Шығыс Қазақстан, Қарағанды мен Қостанай облысының бірнеше ауылында карантин жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.
Карантинге малдардың арасында аурудың таралуы себеп болған.
Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданына қарасты Аққайнар, Шыңғыстай және Жаңа Үлгі ауылдарында ұсақ тұяқты малдың қарасан ауруы анықталды. Осыған байланысты елді мекендер карантинге жабылды.
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Бақты ауылдық округінің маңындағы «Бопы» қыстауында ірі қара малдың арасында эмфизематозды көршиқан тарап жатқаны анықталды.
Одан бөлек, Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылында ірі қара малдар бруцеллезі тарағандықтан аумақта шектеу шаралары қолға алынған.