$ 482.86  533.17  5.08

Екібастұз жылу электр станциясына 5,5 млн теңге айыппұл салынды

Бұған дейін де Екібастұз жылу электр орталығына 2,7 млн теңге айыппұл салынған.
Фото: pavlodarnews.kz
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облыстық прокуратурасының тапсырмасы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-нің бірнеше цехына жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департаменттің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сай, тексеріс барысында Екібастұз жылу электр орталығында санитарлық талапқа сәйкес келмейтін фактілер анықталған. Атап айтқанда, қазандық-турбиналық цехының аумағында көп көлемде шаңның болуы, үйлердегі температураның параметрлерге сәйкес келмеуі сияқты кемшіліктері белгілі болған. Сонымен қатар, цехтар тиісті көлемде жарықпен қамтамасыз етілмеген. Оған қоса ауыз су сапасы гигиеналық нормаға сай болмай шыққан.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс алғашқы кезеңде Екібастұз қаласының сотында қаралды. Онда сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы 1-бөлігіне сай, «Екібастұзжылуэнерго» серіктестігіне жалпы сомасы 1600 АЕК (5 520 000 теңге) айыппұл салу туралы қаулы шығарды», - делінген облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.

Кәсіпорын соттың бұл шешіммен келіспесе, онда одан жоғары сот органына шағымдануға құқылы.

Қоса кетсек, бұған дейін де Екібастұз жылу электр орталығына 2,7 млн теңге айыппұл салынған.

Еске салайық, былтыр 27 қарашада Екібастұз ЖЭО-сындағы төрт бірдей қазандық істен шығып, қала жылусыз қалған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары