12-14 наурыз аралығында Қазақстанның бірнеше облысында дауыл болады деп ескерту берілді, сонымен қатар қатты жаңбыр жауады деп хабарлайды Stan.kz.
2023 жылы 12-14 наурыз аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматының іргелес аумақтарында өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында температураның жоғарылауына байланысты қар еріп, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде, бұл ретте қалаларды су басуы мүмкін.