12.03.2023, 09:30

Гимнаст Милад Карими әлем чемпионатында алтын жеңіп алды

Фото: olympic.kz
9-12 наурыз аралығында Әзірбайжан астанасында көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі өтуде. Турнирге 32 елдің спортшылары қатысуда.

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Бакуде өткен көркем гимнастикадан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Едендегі жаттығулар бойынша финалда қазақстандық үздік нәтиже көрсетті. Ол өз өнері үшін 14,200 ұпай жинады. Миладтың екі айналымнан жасаған трюктары көпшілікті тәнті етті.

Екінші орынды украиналық Илья Ковтун иеленсе, қола жүлдені АҚШ өкілі Райли Луус жеңіп алды.

9-12 наурыз аралығында Әзірбайжан астанасында көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі өтуде. Турнирге 32 елдің спортшылары қатысуда.