13.03.2023, 10:20

Шавкат Рахмоновтың UFC аясындағы жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

Фото: .championat.com
Ол жаңа ғана елге оралды және Алматы әуежайында тілшілер сұрағына жауап берді.

Спорт журналисі Аслан Каженов өзінің instagram-дағы парақшасында аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың Қазақстанда жекпе-жек өткізгісі келетінін жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, ол жаңа ғана елге оралды және Алматы әуежайында тілшілер сұрағына жауап берді.

«Әрине, дәл қазір UFC турнирін қабылдайтын мүмкіндік жоқ. Ол үшін біраз жағдай жасау қажет. Бірақ, алдағы жылдары оған қол жеткізуге болады. Мен оның Қазақстанда болғанын қалаймын және басты жекпе-жектерімнің бірін осы жерде өткізгім келеді» - деді Шавкат.