13.03.2023, 18:00

Талдықорғанда балаларды аңдыған ер адамға іздеу жарияланды

Фото: pixabay
Бөтен ер адамның балалардың ізінен қалмай аңдығанын айтып, ата-аналар шағымданған.

Талдықорғанда балалардың соңынан ілесіп, аңдыған ер адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөтен ер адамның балалардың ізінен қалмай аңдығанын айтып, ата-аналар шағымданған.

"Мүмкіндігінше көп ата-ана хабардар болсын. Төртінші шағын ауданда 14 және 16 мектептердің жанында бір ер адам жүреді, балалардың денесіне қол жүгіртеді. Ұзын бойлы, арықша келген. Шамамен 30-40 жаста, үнемі көк күртеде жүреді. Ол сондай-ақ 28, 29, 30,32 үйлердің аулаларында да жүреді", - деп тұрғындар дабыл қақты.

Полиция бұл ақпаратты назарға алғанын айтады.

"Бұл ақпаратты біз бақылауға алдық. Полиция қызметкерлері тексеру бастады. Ақпаратқа сай заңды шаралар қолданылады", - деп мәлімдеді ведомство.

Тегтер: Талдықорған