$ 444.14  477.05  4.85

Динара Сәдуақасова қызметке тағайындалды

Астана қалалық федерация президенті Абзал Сағымбаевтың ұсынысымен федерация құрылтайшылары мен атқару комитетінің қызметкерлері бірауыздан қолдады.
Фото: Динара Садуакасова Facebook парақшасынан
Фото: Динара Садуакасова Facebook парақшасынан

Белгілі қазақстандық шахматшы, әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова Астана шахмат федерациясының құрметті президенті атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бүгін сіздермен жақсы жаңалықпен бөліспекшімін. Астана шахмат федерациясының құрметті президенті болып сайландым. Астана қалалық федерация президенті Абзал Сағымбаевтың ұсынысымен федерация құрылтайшылары мен атқару комитетінің қызметкерлері бірауыздан қолдады»,- деп жазды Динара Садуакасова Instagram парақшасында. Ол ФИДЕ спорт комиссиясында тәжірибесі бар ЮНИСЕФ-тің ізгі елшісі ретінде өз білімі мен энергиясын шахматтың көркеюіне барынша жұмсайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары