$ 449.58  486.94  4.86

Кедейлік деңгейі жоғары аймақтар анықталды

Кедейлікке ұшырау қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі әсер етеді.
Фото: Turar Kazangapov / tengrinews.kz
Фото: Turar Kazangapov / tengrinews.kz

Қазақстан халқының 2022 жылғы IV тоқсандағы табыстары сараланып, кедейлік деңгейі жоғары аймақтар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сүйенсек, үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2022 жылғы IV тоқсанда 5%-ды немее 986 587 адамды құрады. 

2022 жылғы IV тоқсандағы кедейлік деңгейінің ең жоғары мәні Түркістан (8,5%), Маңғыстау (8,1%) облыстарында, ал ең азы – Астана қаласында (2,1%) және Ұлытау облысында (2,2%) тіркелді.

Кедейлікке ұшырау қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі әсер етеді. Осылайша, 2022 жылғы IV тоқсанының қорытындысы бойынша 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасында кедейлік деңгейі 8,9%-ды құрады. Бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге артық. 

Айта кетейік, кедейлік деңгейі тұтынуға пайдаланылған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан  төмен табысы бар халық санының халықтың жалпы санына пайызбен өлшенген қатынасы. ҚР бойынша 2022 жылғы IV тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 45 623 теңгені құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары