$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордада жаппай төбелес: 2 адам ауруханаға түсті

Сондай-ақ бұл оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінің  1-тармағымен (Бұзақылық) іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Фото: ҚР ІІМ Баспасөз қызметі
Фото: ҚР ІІМ Баспасөз қызметі

Қызылордада бір-бірімен сөзге келген бір топ азамат мәселені күшпен шешпек болған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жастар арасындағы жаппай төбелес туралы ақпаратты ішкі істер министрлігінің Тelegram-арнасы жазды. Дерекке сүйенсек, оқиға кешкі сағат 23:30 шамасында қаланың шет көшелерінің бірінде болған. Полиция қызметкерлері шұғыл жеткенде бір топ азаматтың төбелесін байқаған. 

“Оқиға орнына шұғыл түрде жеткен полиция  20-23 жас аралығындағы 3 облыс тұрғынын ұстап, бөлімшеге жеткізді. Екі адам аураханаға жатқызылды, денсаулықтары тұрақты”, - делінген полиция ақпаратында. 

Сондай-ақ бұл оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінің  1-тармағымен (Бұзақылық) іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары