$ 441.66  475.14  4.86

Ел күнтізбесіне екі кәсіби мереке қосылды

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты мәлім етті.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Еліміздің мерекелік күнтізбесі жаңа даталармен толықты. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Үкіметінің 9 наурыздағы қаулысы бойынша, «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгерістер енгізілді.

Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде 35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: Мұғалімдер күні – 5 қазан, Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі, – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары