14.03.2023, 14:40

Еліміздің телефон коды өзгеруі мүмкін

Фото: Pixabay
+997 нөміріне көшу қиын емес. Ол нөмірге рұқсат беріліп, резервке қойылған.

Қазақстанның телефон коды +77 болып өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Біздің қазіргі нөміріз +7 деп басталады. АҚШ-та болған кезде Халықаралық электр байланысы одағының басшысы Дорин-Мартинмен кездестім. Ол кісімен  осы мәселені тағы да талқыладық.  +997 нөміріне көшу қиын емес. Ол нөмірге рұқсат беріліп, резервке қойылған. Алайда, оның орнына +77 нөмірін қалдырса деген ұсынысты одақ басшысына жеткіздім. Бізге өзгерту туралы ұсынысты талқылауға уәде берді», – деді Бағдат Мусин.