15.03.2023, 11:20

Елена Рыбакина мастерс турнирінің ширек финалына өтті

Фото: ktf.kz
Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен кездеседі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 66-сатыда тұрған ресейлік Варвара Грачевамен шеберлік сынасты.

Қарсыластар осыған дейін бір-ақ рет кездесіп, онда Елена жеңген еді.

Бұл жолы бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте Рыбакина тағы бір брейкпен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейкпен бітірді – 6:3. Қазақстандық спортшы екінші сетте қарқынын үдете түсті – 5:0. Ақыры төртінші матчболын пайдалана алды – 6:0.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен кездеседі.