$ 487.37  532.94  5.09

Елімізде балалы отбасылардың ажырасу ережелері өзгеруі мүмкін

Заң жобасының жаңашылдықтарының бірі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар қарайтын істердің аясын кеңейтумен байланысты.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қазақстанда балалы отбасылардың ажырасу ережелері өзгеруі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сенат депутаттары бірінші оқылымда кейбір заңнамалық актілерге іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды қабылдады.

Заң жобасының жаңашылдықтарының бірі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар қарайтын істердің аясын кеңейтумен байланысты. Атап айтқанда, кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен некені бұзу және мүлікті бөлу туралы азаматтық істерді кәмелетке толмағандар және отбасылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың құзыретіне беру жоспарланып отыр.

Апелляциялық сатыдағы соттың істі бірінші сатыдағы сотқа қайтармай мәні бойынша қарау өкілеттігі де кеңейтіледі.

"Бұл сот тәжірибесінің бірлігін қамтамасыз етіп, азаматтардың, кәсіпкерлердің және басқа да тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді жеделдетеді", - деді сенатор Айнұр Арғынбекова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары