15.03.2023, 14:20

Қарағанды әлемдегі ауасы ең лас 30 қаланың қатарына енді

Фото: pixabay.com
Рейтингте Қарағанды 23-орында тұр.

Қазақстандық қала IQAir әлемдегі ең ластанған қала рейтингіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қарағанды ​​тізімде 23-орында тұр.

Портал мәліметінше, Қарағандының ластану индексі 77,8 деңгейінде.

2021 жылы Қарағандының ластану индексі төмен болған, бұл жағдайдың нашарлағанын көрсетеді.

Ең ластанған қалалар рейтингінде бірінші орында 97,4 ластану индексімен Пәкістанның Лахор қаласы тұр. Екінші орында - 94,3 индексімен Қытайдың Хотан қаласы. Үздік үштікті 92,7 индексімен Үндістанның Бхивади қаласы жапқан.