15.03.2023, 14:40

Алматыдағы мейрамханалардың бірінде қазақ әндерін орындауға рұқсат жоқ

Фото: wikicity.kz
Қазақша әндердің ойнатылуы мекеменің тұжырымдасына сай келмейді-мыс.

Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Бизнестеріңді ашып, табыстарыңды тауып отырған мемлекеттің тілі неге көңілдеріңнен шықпай қалды” деп жазған желі қолданушыларының бірі.

Мейрамхананың ресми парақшасының жауабына сүйенсек, қазақша әндердің ойнатылуы мекеменің тұжырымдасына сай келмейді-мыс.

«Әр мейрамхананың өз тұжырымдамасы бар, бізде тек ағылшынша әндер ойнатылады, кей-кейде ғана орысша», – делінген жауапта.