16.03.2023, 22:30

Полиция желідегі жаппай жол апатының видеосына түсінік берді

Фото: Telegram/POLISIA.KZ
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам зардап шекті.

Әлеуметтік желіде жаппай жол апатының видеосы тарады. Бұған қатысты полиция түсінік беріп, аталған жол апатының 16 наурызда СҚО-да Челябі-Новосібір тас жолы бойында орын алғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның нақтылауынша, 16 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында Челябі-Новосібір автожолының 609 шақырымында Volkswagen Caravelle, Lada Granta мен жолды қардан тазартып жүрген Урал арнайы техникасы соқтығысып қалды.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам зардап шекті: Урал, Volkswagen Caravelle көліктерінің жүргізушілері және Volkswagen Caravelle, Lada Granta-ның жолаушылары. Барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді", деп мәлімдеді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта полицейлер аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар жинап жатыр.

Тегтер: жол апаты СҚО