17.03.2023, 10:20

Атырау облысында жасырын казино анықталып, ірі көлемде ақша тәркіленді

Фото: pixabay
Тінту жүргізіліп, ойын фишкалары, карталар 3300 АҚШ доллары, 957 000 теңге және де басқа да заттар тәркіленді.

Қаржы мониторингі агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері арнайы кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде жасырын казино ашқан топты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тінту жүргізіліп, ойын фишкалары, карталар 3300 АҚШ доллары, 957 000 теңге және де басқа да заттар тәркіленді. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты тұлғалар және куәлардан жауап алынды», - делінген ведомство хабарламасында.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмыстық құқықбұзушылық ұйымдастырушалары өз әрекеттерін толық мойындады.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жалғасып жатыр.

Тегтер: казино Атырау