$ 494.87  520.65  4.91

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде қазақ сұлтанының орнына қытайлық сарбаздың суреті салынған

Муралдың суреті желіде қызу талқыға түскен.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Қазақстандықтар Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде қазақ сұлтанының орнына қытайлық сарбаздың суреті салынғанын мәлімдеді. Муралдың суреті желіде қызу талқыға түскен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Press.kz басылымына сілтеме жасап. 

Мурал Біржан сал мен Тынышбаев көшелерінің қиылысындағы үйде салынған.

“Тан дәуірі кезіндегі қытайлық салт атты сарбаз бейнеленген мурал. Сіздер расымен мұны түрік сарбазы деп ойладыңыздар ма?” – деді жазба авторы.  
Ал этнограф Серік Ерғали суретте шынымен Қытай әскері екенін растап, бұған назар аудармаған әкімшілікке шүйлікті. Сөзінше, мұны сарбаздың иығындағы және кеудесіндегі айдаһар суретінен байқауға болады. 
Қала әкімдігінің мәліметінше мурал авторы ресейлік суретші Дмитрий Левочкин екен. Туынды "Сұлтандар" деп аталады. Ал суретті қабырғаға Қазақстандағы “Air_g_art” шығармашылық тобы салыпты. 

“Байқау аясында Қазақстан, Ресей, Украина, қырғызстан, Индонезия, Польша, Испания, Израиль, Әзірбайжан секілді елдерден 30-дан аса суретші 70-ке жуық сызба жіберді. Іріктеу екі кезеңнен тұрды: кәсіби әділқазы мен Астана қаласының құрылыс кеңесі. Іріктеуге 72 жұмыс қатысып, халықаралық әділқазылар 26 сызбаны таңдап алды”, – делінген әкімдік жауабында. 

Ал мурал астында суретшінің Қазақстан тарихы мен дәстүріне назар аударып, сюжеттік желі ретінде Ақсүйектер мен Төре руының бейнелерінен таңдалғаны жазылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары