$ 444.22  476.38  4.82

«20 наурыз - әжемнің туған күні»: Димаш Қазақстанға келеді

Әнші, музыкант Димаш Құдайберген Алматыда жанкүйерлерімен кездеспек.
Фото: kudaibergenov.dimash инстаграм парақшасынан
Фото: kudaibergenov.dimash инстаграм парақшасынан

Әнші, музыкант Димаш Құдайберген Алматыда жанкүйерлерімен кездеспек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзінің Instagram-дағы парақшасында Лос-Анжелестен Алматыға ұшып келетінін мәлімдеді. Димаш наурыз демалыстарында туған елі - Қазақстанда болмақ. 

"Біз Лос-Анджелестен туған Қазақстанға бір-екі күнге ұшып барамыз. Ата-анама қонаққа барамын, сіздермен танысамын. 20 наурыз - әжемнің туған күні. Ал 22-сіне Алматыда сіздермен кездесу болады. Мен сізді кездесуде асыға күтемін", - деп жазды Димаш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары