Аралас жекпе-жек файтері Шавкат Рахмонов (17:0) Дана Уайттың кеңсесінде жүргізілген келіссөз бен табысы туралы айтып берді деп хабарлайды Stan.kz.
Рахмонов "Вестник ММА" YouTube-арнасына берген сұхбатында жаңа келісімшарт туралы әңгімелескенін айтты.
"Дана Уайтпен 10-15 минут сөйлестік, сосын жаңа келісімшарт жайлы матчмейкермен тағы 1-1,5 сағат сөйлестік", – деді ол.
Шавкаттың айтуынша, жаңа келісімдегі шарттар мен талаптар да жақсырақ.
"Қандай жағдай болса да, менің жекпе-жектерім үшін аз. Жақсы ақша алдым, бірақ мен бұдан да жоғарыға лайықпын. Мұны барлығы түсіне бермейді. UFC-дің өз саясаты бар, бұл туралы айта алмаймын", – деп жауап берді отандасымыз.
Еске салайық, Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста өткен UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилды қылқындыру тәсілімен жеңген еді.