17.03.2023, 20:30

Әлем кубогы кезеңінде фристайлшымыз күміс жүлдегер атанды

Фото: olympic.kz
Ол фристайл-могулдан финалда 78,72 балл жинады.

Алматыдағы "Шымбұлақ" тау-шаңғы базасында фристайлдан өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Павел Колмаков күміс жүлдегер атанды.

Ол фристайл-могулдан финалда 78,72 балл жинап, 2-орынға ие болды.

Бұл сында канадалық Микаэль Кингсбери (85,67) жеңімпаз атанса, австралиялық Мэтт Грэмге 78,42 қола жүлдені иеленді.

Могул жарысында әйелдер арасында Аяулым Әмренова финалға шықты. Алайда жүлдеге іліккен жоқ.