18.03.2023, 07:30

Халықаралық қылмыстық сот Путинді қамауға алуға ордер берді

Фото: ria.ru
Президенттің балалар құқығы жөніндегі уәкілінеде ордер берді.

Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді қамауға алуға ордер берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сот Ресей президентімен қатар, президенттің балалар құқығы жөніндегі уәкілі Мария Львова-Белованы да тұтқындауға ордер берді.

Халықаралық соттың мәлімдемесінде, олардың "халықты (балаларды) заңсыз депортациялаудан және Украинаның оккупацияланған аумақтарынан халықты (балаларды) Ресей Федерациясына заңсыз көшіруден тұратын әскери қылмыстарға" қатысы болуы мүмкін екені айтылған.