$ 448.56  478.03  4.79

Күн райының күрт нашарлауынан Жетісуда бірнеше жол апаты болды

3 адам қаза тапты, олардың арасында сәби де бар.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Күн райының күрт нашарлауынан Жетісуда бірнеше жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Екі жол апаты Ақсу ауданындағы Сағабүйен ауылының маңында тіркелді. Елді мекеннен шыққан кезде Mitsubishi Lancer автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көпірден аударылып кеткен. Жол апатынан екі адам зардап шекті.


Сондай-ақ, Алматы-Өскемен автожолының 361-шақырымында (Сағабүйенде) CHERY кроссовері КамАЗ-бен соқтығысқан. Оқиға орнында 3 адам қаза тапты, олардың арасында сәби де бар. Тағы екі адам ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары