$ 494.87  520.65  4.91

Астанада қыз ұрлап, туыстарынан ақша талап еткен өзбекстандық ұсталды

Оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Полицейлердің ауқымды шарасы барысында Өзбекстан елінің 23 жастағы азаматы ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, өзбекстандық әйел мемлекетаралық іздеуде жүрген. Ол құда түсіп 21 жастағы қызды үйінен алып кетіп, бопсалау арқылы туыстарынан ақша талап еткен.
Сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 42 жастағы Өзбекстан азаматы анықталды. 

"Самарқанд қаласында ол ер адамның 1,4 млн сом ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, оны жұмысқа орналастыруға уәде берген", - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта екі кінәлі тұлға УҰИ-ға қамалды. Оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Іс-шараның бірінші күні Астана қаласының аумағында 8 қылмыскер анықталып, ұсталды. Хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың орналасқан жері табылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары