$ 481.84  531.33  5.07

Мүфтият Рамазан айында азық-түлік бағасын арзандатуға үндеді

Жақсы амалдарыңыз өздеріңізе еселеп қайтсын.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Рамазан айының қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жариялады.

"Кәсіпкер азаматтар мен сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын 10 пайызға дейін арзандатуға үндейміз. Жақсы амалдарыңыз өздеріңізе еселеп қайтсын", - деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұл брифингте.

Пітір садақа жан басына 535 теңге болып бекітілді. Екі келе ұнның ортақ бағасымен белгіленді. Пітір садақаны құрма, мейіз бағасымен берсе де болады.

Естеріңізге сала кетейік, Рамазан айы биыл 23 наурызда басталады. 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түні Қадір түні болады. Ал Ораза айт 21 сәуірде болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары