$ 480.63  535.13  5.27

Бүгіннен бастап Президенттің сенімінен айырылған шенеуніктер мемлекеттік қызметтен үш жылға шеттетіледі

Президент өзі тағайындаған билік өкілін жұмыстан босатады.
© Sputnik / Абзал Калиев
© Sputnik / Абзал Калиев

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Енді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімін жоғалтқан ақ жағалылар жұмыстан үш жылға шеттетілетін болды. Яғни, өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқармаса, Президент өзі тағайындаған билік өкілін жұмыстан босатады. Дәл осы үш жылда ол басқа мемлекеттік қызметте еңбек ете алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары