20.03.2023, 20:30

ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады

Фото: ҚР ОСК
«Бәріне қарсымын» - бағаны – 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді.

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комиссияның алдын ала дерегінше, Мәжіліс сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар даусын былай бөліскен:

1. Amanat партиясы – 53,90 % немесе 3 431 510 адам дауыс берді;

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90% немесе 693 938 адам дауыс берді;

3. Respublica партиясы – 8,59% немесе 547 154 адам дауыс берді;

4. Қазақстан халық партиясы – 6,80% немесе 432 920 адам дауыс берді;

5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% немесе 146 431 адам дауыс берді;

6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41% немесе 535 139 адам дауыс берді;

7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді;

«Бәріне қарсымын» - бағаны – 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елімізде өткен сайлауда 6 366 441 адам өз таңдауын жасаған.