$ 443.85  474.3  4.8

Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен отбасыға үй салып береді

Үйлер биылғы жылдың 1 маусымында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызмет
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызмет

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері, бұл спорт түрінен бірде-бір жеңіліс таппаған спортшы Шавкат Рахмонов Қобда ауданының Қобда ауылында болып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Cпортшы қобдалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты. Қолдау ретінде бір отбасыға үй салып беретінін қуанышпен жеткізді.

"Наурыз мейрамымен баршаңызды құттықтаймын. Керемет күнде 24 үйдің қазығы қағылып жатыр. Мен де бұл бастамаға өз үлесімді қосамын деп шештім. "Апат айтып келмейді" дейді. Сынақтарға мойымай, жеңе білдіңіздер. Сіздерге денсаулық, бақыт тілеймін. Тек алға!", - деді Шавкат Рахмонов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары