$ 494.87  520.65  4.91

«Мен қазақпын» әнін нақышына келтіріп орындаған алматылық домбырашылар көптің алғысына бөленді (ВИДЕО)

Көпшілік домбырашылардың өнеріне жоғары баға беріп, алғыстарын жаудырды.
Видеодан кадр: instagram.com/oyu.live
Видеодан кадр: instagram.com/oyu.live

Алматыдағы Петр Чайковский атындағы музыкалық колледжінің студенттері мен Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық музыка мектебінің оқушылары Наурыз мейрамында қазақстандықтарды ерекше құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бірнеше қыз-жігіттен құралған домбырашылар әнші Ерболат Құдайбергеннің "Мен қазақпын" әнін музыкалық аспапта нақышына келтіріп орындаған. Видеоны OYU жобасы Instagram парақшасында жариялады.

"Барша қазақстандықты Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!", - делінген жазбада.

Өз кезегінде желі қолданушылары домбырашылардың өнеріне жоғары баға беріп, алғыстарын жаудырды.

"Көп рахмет сендерге, ою! Сендермен бірге замандас болу үлкен бақыт!", "Па-шіркін, япырмай", "Рақмет, жылап алдым", "Еңбектеріңізге рақмет", "Домбыраның әуенін тыңдап жаным тынышталды", - деп жазды олар.

Сонымен қатар бейнежазба астына пікір қалдырғандар арасында режиссер Айсұлтан Сейітов, актерлер Аян Өтепберген, Еркебұлан Дайыров, актриса Гүлназ Жоланова және басқа да танымал тұлғалар бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары