$ 481.84  531.33  5.07

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясының есепшісі жылдар бойы жалақы жымқырып келген

Бүгінгі күні айыпталушы адам сотқа тартылды.
Фото: kapital.kz
Фото: kapital.kz

"ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС Алматы бөлімшесінде аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау қылмысы ашылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, жалақыны есептеу үшін "SAP HRP" бағдарламасы мен кәсіпорынның Интернет-банкингі арасындағы интеграцияның болмауына байланысты алаяқтыққа жол берілген, яғни бухгалтерлер қызметкерлерге жалақы бойынша сандарды өз бетінше қоюға мүмкіндік алған.

“Төрт жыл ішінде артық төлемдер өздерінің сенімді адамдарының карточкаларына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырып, ұйымдастырушыларға беріліп отырды. Бүгінгі күні айыпталушы адам сотқа тартылды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін кәсіпорында осындай қылмыс жасау арқылы 80 млн теңгеден астам ақша ұрлағаны үшін 2023 жылдың қаңтарында жетекші бухгалтер Ж.Құндақбаева сотталған.

Жыл сайынғы аудиторлық тексерулер кезінде бұл кемшіліктер анықталмаған. Оларға құқықтық баға беру үшін сотқа дейінгі тиісті тергеу басталды.

Сондай-ақ, "SAP HRP" бухгалтерлік бағдарламасы "ҚТЖ "ҰК"АҚ көптеген кәсіпорындарында қолданылатыны белгілі болды.

“Көлік прокуратурасы мұндай ұрлыққа тосқауыл қою үшін ұлттық оператордың атына қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау, бухгалтерия қызметкерлерінің негізгі іс-әрекеттерін цифрландыру және осы саладағы жұмысты тиісінше ұйымдастырмағаны үшін кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізді”, – деп мәлім етті Бас көлік прокуратурасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ҚТЖ