Риддердегі жылу электр орталығында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
23 наурызда сағат 7:50-де Риддер ЖЭО №6 қазандық аймағындағы жанармай беру галереясында көмір шаңы жарылды. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метр қоршау құрылымдарын қиратты. Қазандықтарға көмір беру сағат 13:00-де қалпына келтірілді.
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшылығы оқиғаға орнына бару үшін дереу жолға шықты. Бұйрыққа сәйкес комиссия тергеп-тексеру жүргізеді. Комиссия құрамына Комитет пен Риддер ЖЭО өкілдері және техникалық сарапшы кірді. Тергеп-тексеру нәтижелері 10 жұмыс күні ішінде дайын болады.
Қазіргі уақытта ЖЭО-дағы 6 қазандықтың 2-еуі жұмыс істейді. Қалған 4 қазандықта ақауларды жою бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу желісінің температурасы – 70/46 градус графикте 45/35 градус.