$ 498.34  519.72  4.85

Дакка әуежайында 1 келі алтынды құйрығына жасырып өтпек болған ер азамат ұсталды

Бангладеш астанасы Дакканың әуежайында жалпы салмағы 1 келіден асатын 12 алтын құймасын құйрығына жасырып өтпек болған ер азамат қолға түсті деп жазады BBC News.

Кеденшілердің айтуынша, құймалардың әрбірінің салмағы 100 граммды құрайды. Яғни, күдіктінің артынан шыққан алтынның жалпы салмағы 1 келі 200 грамм. Контрабанданы анықтауға рентген аппараты көмектесіпті. Күдікті Даккаға Малайзиядан ұшып келгені анықталып отыр. Қазір ол қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Жергілікті құқық қорғаушылардың айтуынша, алтын құймаларын көтеншегіне жасырып өту фактісі Даккада жиілеп кеткен. Былтырдың өзінде дәл осындай қылмыспен екі адам ұсталыпты. Олардың бірі - 600 грамм, екіншісі 800 грамм алтынмен ұсталған.

Жалпы, Бангладеште алтын контрабандасымен айналысатындар өте көп. Мұнда ең ірі контрабанда 2015 жылы тіркелген дейді кеденшілер. Ол кезде КХДР елшісі өзімен бірге 27 келі саф алтынды алып өтпек болған кезде ұсталыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары