1 сәуірден бастап реэксорттау үшін Қазақстанға жеткізілетін тауарларды онлайн бақылау жүйесі іске қосылады. Бұл туралы Financial Times басылымы жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Біз жапсарлас санкцияларға байланысты тәуекелдерді жақсы түсінеміз, сол себепті әріптестеріміздің барлығымен тауар аламасуды мұқият бақылаймыз", – дейді басылым дереккөзі. Оның айтуынша, Қазақстан реэкспортты азайту бағытында үнемі жұмыс істеп келеді.
Қазақстанның ұлттық статистика бюро мәліметінше, 2022 жылы Қазақстаннан Ресейге тауар экспорттау көрсеткіші 25 пайызға артқан.
АҚШ пен Еуроодақтің пайымынша, Қазақстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп отыр. Ресми Астана мұны бірнеше мәрте жоққа шығарған. Бұған дейін Bloomberg Ресей зымыран жасауға пайдаланатын микрочиптерді үшінші бір елдің көмегімен алып отырғанын хабарлаған. Агенттік мұндай мәліметті еуропалық лауазымы жоғары бір дипломатқа сілтеме жасай отырып таратты.
Қазақстанда қайта экспортталатын тауарларға бақылау күшейтілетіні жөніндегі ақпаратқа қатысты пікір білдірген Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу Батыс елдерінің қысымы жөнінде білетінін айтты.
"АҚШ бастаған ұжымдық Батыс елдері бірқатар мемлекеттерге ашық, дөрекі қысым көрсетіп жатқаны жаңалық емес. Қазақстан Ресей үшін одақтас және үлкен дос. Біз тәуекелдерді азайту үшін серіктестерімізбен тығыз байланыста боламыз", - деді Песков.