Шымкентте үйде ата-анасының қарауынсыз қалған 5 жасар қыз төртінші қабаттағы терезеден құлап кеткен.
Оқыс оқиға 23 наурызда күндізгі уақытта Шымкент қаласындағы әл-Фараби ауданына қарасты 16 ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Бүлдіршін дереу ауруханаға жеткізілді. Жағдайы өте ауыр.
«Қазіргі таңда қыз балаға ота жасалды, ол комада, әлі есін жимады. Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар», – деп атап өтті Шымкент қаласы ТЖД.