26.03.2023, 07:30

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: pixabay
Маңғыстау облысының батысында тұман болжанады.

Қазгидромет синоптиктері 26 наурызда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ. Астана қаласында түнде және таңертең қалың тұман болады.

Қарағанды облысын да түнде, таңертең тұман басады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 4-9 градус жылы болады.

Маңғыстау облысының батысында тұман болжанады.