26.03.2023, 09:30

Астанадағы түнгі клубтардың бірі есірткі сатып келген

Фото: Видеодан алынған кадр
Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Елордадағы түнгі клубтардың бірінде мефедрон сатылған, деп хабарлайды polisia.kz.

Күдіктінің жастар жиі уақыт өткізетін ойын-сауық мекемесінде жұмыс істегені анықталды. Ол тұрақты тұтынушылары бар клубта мефедрон сатуды ұйымдастырған.

«22 жастағы елорда тұрғынын тінту барысында жігіттің шұлығынан аса ірі мөлшердегі мефедрон есірткі заты тәркіленді. Ол қамауға алынды. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген полиция хабарламасында.