Қостанай облысында «Торғай - Шилі - Аралкөл» тасжолының учаскесін еріген қар суы басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«26 наурыз күні «Торғай - Шилі - Аралкөл» автожолы жабылды. Жолдың 108-шақырымын еріген қар су басып қалды. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Шайылған жолға ең жақын елдімекен 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Сол арадан жылыну орны ұйымдастырылды.