$ 482.86  533.17  5.08

Сейсмологтар еліміздің бірнеше өңірінде жер сілкінісін тіркеді

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.9.
Фото: wikimedia
Фото: wikimedia

Магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 536 шақырым жерде, Қытай аумағында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі 26 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 21:01-де болған. Қазақстан аумағындағы жер асты ауытқулары сезілмеді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.9.
MPV магнитудасы - 4,3.
Тереңдігі - 20 км.
Cезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.

21 және 23 наурызда Шымкент тұрғындары 2-3 балдық жер сілкінісін сезінді. Алайда қала тұрғындары бұл туралы алдын ала ескерту алған жоқ. Оның себебін қалалық ТЖД айтып берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары