Магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 536 шақырым жерде, Қытай аумағында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі 26 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 21:01-де болған. Қазақстан аумағындағы жер асты ауытқулары сезілмеді.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.9. MPV магнитудасы - 4,3. Тереңдігі - 20 км. Cезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.
21 және 23 наурызда Шымкент тұрғындары 2-3 балдық жер сілкінісін сезінді. Алайда қала тұрғындары бұл туралы алдын ала ескерту алған жоқ. Оның себебін қалалық ТЖД айтып берді.