Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов футболдан Қазақстан құрамасының Данияны 3:2 есебімен ұтқанына қатысты ойын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан футболының бірде-бір жеңісіне қуанбаймын. Несіне қуанасың, айналаға қараңызшы, халық 30 жыл бойы күнін әзер көруде. Жұмыс жоқ, орташа табыс 80 мың теңге ғана, азық-түлік қымбат, медицина жоқ, адамдар қарызда. Соған қарамастан халықтың аузынан жырып, оларға салық төлейді, соның бәрі қайда кетеді?! Футболға ма?! Пайдасынан зияны көп болса, мұндай жеңістер кімге керек?
Халықтың ақшасын құртпай өз күшімен жеңгенде ғана футболды сыйлай бастаймын. Солай істей алатындарыңды дәлелдеңдер. Ал былай… Айтпақшы, осы уақытқа дейін далаға кеткен ақшаны да қайтару керек» деп жазды Хамитов Instagram парақшасында.