$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте емхана дәрігерлері мен науқастар эвакуацияланды

Ер адамның айтуынша, оқиға 27 наурызда түс ауа №3 емханада сағат 13:10 шамасында болған.

Шымкенттегі емханалардың бірінде барлық дәрігерлер мен науқастар эвакуацияланды. Бұл туралы Tengrinews.kz оқырманы редакцияның WhatsApp-нөміріне жазды.

Ер адамның айтуынша, оқиға 27 наурызда түс ауа №3 емханада сағат 13:10 шамасында болған. Ол медициналық мекемеге әйелі және баласын әкелген.

"Мен ұлым мен әйелімді дәрігерге әкелдім, оларды көшеде күтіп тұрдым. Кенет ғимаратта болғандардың бәрі эвакуацияланды. Содан кейін олар периметрді толығымен қоршауға алды. Қазір біз аулада емхананың ашылуын күтіп отырмыз", - дейді оқиға куәгері.

Оның себептерін анықтау үшін Tengrinews.kz редакциясы құқық қорғау органдарына жүгінді. Біраз уақыттан кейін Лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі жедел штабта жағдай нақтыланды. Бұл оқу-жаттығу екені белгілі болды.

"27 наурызда қалада "Найза-Антитеррор-2023" лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру. Жаттығу әртүрлі күрделілік элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша жақын.

Осыған байланысты қалалық жедел штаб қала тұрғындарын жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына, көліктер мен тұрғындардың қозғалысына уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз", - деді жедел штабтың баспасөз қызметі өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары