Қазақстандық ғылым жолында жүрген әйелдердің ғылыми жұмыстары сіздің өмір туралы ойыңызды және оған деген көзқарасыңызды түбегейлі өзгертуі мүмкін. Олар медицинада, ауыл шаруашылығында және өнеркәсіпте ерекше жаңашылдықтар ұсынады. Генетика мен жоғары технологиялық жабдықтардан да хабардар. Статистикаға сүйенсек, отандық ғылымды дамытуға барлығы 9,5 мыңға жуық әйел жұмылдырылған екен.
«Қазір қыздарымыз әлемнің ең үздік университеттерінде білім алып жатыр. Жаһандық компанияларда жұмыс істейді. Сан түрлі кәсіпті меңгерген әйелдер қоғамның түрлі саласында табысты еңбек етіп жүр. Олардың арасында мұғалім, дәрігер, мемлекеттік қызметші, тәрбиеші, тігінші және басқа да мамандық иелері бар. Халықаралық жарыстарда көк туымызды биікке көтерген спортшы аруларымыз да аз емес. Қаншама қыз-келіншектер бизнеспен айналысып, мыңдаған адамға жұмыс ұсынып отыр» - деген болатын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда, SkifNews порталы ғылым мен білім саласында өз қолтаңбасын қалдырып, үлгі боларлық дүниелер жасап ғылым жолын насихаттап, осы салада жүрген нәзік жандылардың жұмыстарымен таныстырады.
Қазақстандық Шұға Манабаева пробиркада зиянкестерден қорықпайтын картоп өсіреді. Қырық жылдық тәжірибесі бар ғалым көкөніс геномдарын зерттеп, крахмалдың бөліну формуласын шығарды. Ол генетикалық жиынтығы өзгерген түйнектер тіпті суықта да дәмі мен сыртқы түрін өзгертпейді дейді. Бұл фермерлер мен өндірушілер үшін үлкен артықшылық. Енді көкөністің неғұрлым жетілдірілген түрін өсіру жоспарда бар дейді.
«Қарапайым картоп ұзақ уақыт сақтаған кезде қант жинайды. Сіз көктемде картоп сатып алғанда, қайнатып немесе қуырған кезде осындай тәтті дәмді сезесіз. Ал біз алған түйнектер қант жинамай және ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Картоп түйнектерінде жиналатын қарапайым қанттар дәмді бұзып қана қоймайды, бұл қанттар пісіру кезінде канцерогенді зат - акриламид түзеді. Бұл улы. Бұл заттар адам денсаулығына өте зиянды»,- дейді Шұға Манабаева.
Биотехнолог Алмагүл Кәкімжанова өсімдік геномдарын өзгертпейді. Керісінше – бастапқыда болған күйінде сақтайды. Оның зертханасында Қызыл кітап өсімдіктерінің бүршіктері бар жүздеген банка бар. Ғалым қолмен ұстап-ақ олардың түрін, тіпті селекциясын анықтай алады. Сиверс алма ағашына деген көзқарасы да ерекше. Оның айтуынша, сиверс алма ағашы жойылып кету алдында болса да, одан көптеген басқа сорттар алынған.
«Біз оны сақтап қана қоймай, Сиверс алма ағашының алғашқы партиясын биотехнологиялық әдістерді қолдана отырып көбейтіп жатырмыз.Астана ботаникалық бағына тапсырдық. Бұдан әрі әлемде алма ағаштарының жаңа сорттары вирустық, саңырауқұлақтық, бактериялық ауруларға төзімді болатындай етіп жасай аламыз. Біз сондай-ақ өзіміздің апортты сақтай аламыз», - дейді жоба авторы Алмагүл Кәкімжанова.
Белла Өміралиева 1976 жылы өз өмірін тоқыма өнеркәсібімен байланыстырған. Оның қоржынында 150-ден астам ғылыми жұмыс бар. Бірақ соңғысы отандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілерін шикізатқа тәуелділіктен құтқара алады. Ол біздің елімізде әлі болмаған тігін фабрикаларының қалдықтарын қайта пайдалану технологиясын жасады.
«Тоқыма материалдарының қалдықтарын бөлшектеу процесінде біз сұрыптау жүргіземіз және олардың табиғи талшықтарынан тұратын талшықты массаны аламыз. Оның құрамында жүн мен мақтаның белгілі бір пайызы бар, оған қоса, біз бұл композицияны өзіміз реттей аламыз. Біздің талшықты массамыздан отандық иірілген жіптерді жасауға болады. Ал иірілген жіптен техникалық тоқылған бұйымдарды жасай аламыз», - дейді жоба авторы Бэлла Өміралиева.
Жобаны іске қосу Қытаймен, Қырғызстанмен және Ресеймен келісімшарттарды бұзып, бюджетті айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Шетелде бір килограмм регенерацияланған иірілген жіп мың теңге көлемінде тұрады. Ал, отандық иірілген жіп-400 теңгеден сәл артық. Оның үстіне, сипаттамалары бойынша да күштірек.
Толғанай Ерболат «дұрыс» бутерброд туралы бәрін біледі. Ол майлы емес. Сонымен қатар, пайдалы сары майды оның командасы жасаған. Дәмі, консистенциясы және иісі бойынша өнім әдеттегі аналогтардан еш айырмашылығы жоқ. Сіздің дене бітіміңізге әсер етпейді, тіпті холестерин деңгейін төмендетеді, дейді ғалым. Ол жобаны коммерцияландыру үшін Ғылым қорын қолдау күтіп жүр. Жас ғалымның 4 жылдық тәжірибесінде 3 жоба бар. Барлығы да тамақ өнімдеріне қатысты.
«ҚР халқының басты проблемасы - бізде ересек халықтың 55 пайызында және балалардың 25 пайызында Омега 3 май қышқылдарының тапшылығы бар. Бұл бізге тері ауруларын бастапқыда 10 пайызға, сондай-ақ микроэлементтердің жетіспеушілігін 20 пайызға азайтуға көмектесетін бірегей ғылыми жұмыс. Шетелдік аналогтармен ол баға сегментінде толығымен бәсекеге түсе алады, өйткені өнім толығымен отандық шикізаттан жасалған», - дейді жоба авторы.
Ғылым жолында жүрген әйел қауымының бұдан басқа жаңалықтары жетерлік. Олар ел ішінде, шетелдерде де бағаланған ерекше жобалар. Болашақта да еліміздің ғылым саласын дамытуға өз үлестерін қосудан аянбайтын нәзік жандылар қатары көбейеді деп сенеміз.